ЖАРАПАЗАН САЙЫСЫ ӨТТІ
«Дін мен дәстүр» жылы аясында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғырту, ел арасында ұлттық нақыштағы түрлі шараларды ұйымдастыруды күн тәртібінен түсірген емес. Осындай шаралардың бірі – «Жарапазан» сайысын ұйымдастыру болып табылды.
Қызылорда қаласындағы С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен «Жарапазан» айтудан сайыс өткізілді, деп хабарлайды облыстық мешіттің баспасөз қызметі.
Исламмен біте қайнасқан салтымызды насихаттау, жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі тәлім-тәрбиені қалыптастыру бағытында өткен шара көрермендер мен тұрғындарға рухани демалыс сыйлады.
Сайыс нәтижесінде І орынды облысқа танымал жырау Серік Ыдырысов алса, ІІ орынды Қанат Зайтов, ІІІ орынды Жағыпар Нұрасыл иеленді.
Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушылар ынталандырылды.