ОБЛЫСТЫҚ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ ИНСПЕКТОРЛАРЫНА ҮГІТ – НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қызылорда облыстық соты кеңсесі алдағы уақытта «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
Осыған орай, Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында келісім шарт негізінде қызмет атқаратын іс жүргізу инспекторларына үгіт-насихат жүргізілді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Бас қосуға облыстық соттың кеңсе басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова, персональды басқару бөлімінің басшысы Гүлмира Каликова, Қызылорда облысы соттарының іс жүргізу инспекторлары қатысты.
Жиналысты кеңсе басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова ашып беріп, Елбасы айқындаған Ұлт жоспары - 100 қадамда көрсетілген мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу, «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде алынатынын айтып өтті.