СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛГЕНІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТӨҢІРЕГІНДЕ ӘЛІ ДЕ ТЫЙЫЛМАЙ ОТЫР
Сыбайлас жемқорлықпен күресу - прокуратура органдарының басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың 6 айында осы санатта 75 қылмыстық іс қозғалса, биылғы жылы сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне 99 деректер тіркеліп, оның 51-і бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. 14 тұлғаға қатысты қылмыстық істер сотта қаралу барысында, есепті мерзімде 8 тұлға сотты болды.
Өңіріміздің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен белсенді жұмыстардың атқарылып жатқанын атап өткен жөн.
Жылдан жылға сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілгенімен мемлекеттік сатып алу төңірегінде бұл құбылыс әлі де тыйылмай отыр. Прокурорлық тексерулердің нәтижесімен 200 млн. теңгеден астам мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күші жойылып, 100-ден астам тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Жүргізілген тексерулермен атқарылмаған жұмыстарға қаржы аудару, келісім-шарттардың мерзімін заңсыз ұзарту, міндеттемелерді тиісінше орындамаған мердігерлерден тұрақсыздық айыппұлдарын өндірмеу, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін негізсіз бас тарту, аффилиирленген әлеуетті өнім берушілердің бір конкурсқа қатысу деректері анықталған.
Мысалы, 2014 жылдың қараша айында пайдалануға берілген құны 1,4 млрд. теңгені құраған Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде орналасқан 250 адам қабылдайтын емхана құрылысы бойынша 117,5 млн. теңгенің медициналық құрал-жабдықтары жеткізілмегені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде ағымдағы жылдың маусым айында құрал-жабдықтар жеткізіліп, тұрақсыздық айыппұлын өндіруге шаралар қолданылуда. Келтірілген шығын толығымен өтелуіне байланысты қылмыстық іс қысқартылған. Сонымен қатар, прокурорлық тексерумен Арал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен Сексеуіл кенті көшелерінің ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жасалған келісім-шарттың орындалу мерзімін заңда көзделмеген тәртіпте ұзарту дерегі анықталды.
Келісім-шарт бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 2014 жылдың 15 қарашасы болып белгіленген, алайда Бөлім басшысы тұрақсыздық айыппұлын өндіруге және мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танымауымен қатар, заңмен көзделмеген негіздермен жұмыстардың орындалу мерзімін 01.07.2015 жылға дейін ұзартқан. Арал ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері салдарынан бүгінгі күні жұмыстардың басым бөлігі аяқталмаған, алайда қаржының 95% аударылып кеткен. Арал ауданының әкіміне сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені бөлім басшысының жауаптылығын қарау жөнінде ұсыныс енгізілді және құзырлы органмен тергеп-тексеру жүргізілуде.
Әлеуетті өнім берушілердің аффилиирленген тұлғаларының бір конкурсқа қатысу деректері де анықталды.
Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жол жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша өткізілген конкурсқа екі әлеуетті өнім беруші қатысқан.
Бір әлеуетті өнім беруші екіншісінен осы конкурста көзделген жұмыстарды орындау үшін арнайы техникаларды жалға алған, сәйкесінше екеуі де бір техникаларды пайдаланатындарын көрсеткен.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ. Алайда, конкурстық комиссия бұл мән-жайларды біле тұра заңсыз әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз деп танып, артықшылық көрсетілген.
Қазіргі уақытта 450 млн. теңгеге жуық келісім-шарттың күшін жою және әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған комиссия мүшелерінің тәртіптік жауаптылығын қарау жөнінде ұсыныс енгізілді.