ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Қаламыздың абаттанып, көркеюіне аймағымызда аянбай еңбек етіп келе жатқан «Жасыл ел» еңбек жасағының үлесі зор. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтарында қала жастары еңбек етуде.
Осы орайда, Қызылорда облысының жастар Одақтары қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қалалық оқушылар үйінің саябағында «Менің таза қалам» атты тазалық акциясы өткізілді. Акцияда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Алдабергенов сөз алып, жастарды қаламыздың көркеюіне үлес қосуына шақырды.
Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасағының командирі Н.Бексұлтан жастарға үндеу тастады. «Жасыл ел» еңбек жасағында қазіргі таңда облыс бойынша 300 жас жұмыс жасауда, маусымдық кезеңде бұл көрсеткішті 1000-ға жеткізу жоспарлануда.