БАЙҚОҢЫРЛЫҚ АНА ҮШЕМ ТУДЫ
Сүйінші! Кызылорда облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Мұндай жағдай биылдыққа өңірімізде бірінші рет тіркелді.
Екі қызды бағып-қағып отырған 36 жастағы Дина есімді байқоңырлық келіншек біраздан бері ұл сүюді армандап жүрген еді. Оның арманы орындалды. Орындалғанда қандай! Өмірге бірден шекесі торсықтай үш ұлды әкелді.
- Аяғым ауыр кезде УЗИ-ге түскенімде үшем болатынын айтқан. Әрине, біз қуандық. Қорқыныш сезімі де болғанын жасыра алмаймын. Бірақ дәрігерлердің арқасында бәрі ойдағыдай болды. Оларға көп рахмет, - дейді Дина.
Балалардың әзірге есімдері қойылған жоқ. Былтыр орталықта 72 егіз және 4 үшем туылды. Осындай нәтиже биыл да қайталанатынына сенім зор.
Еркін СӘРСЕНБАЕВ