СӘТТІ ӨТКЕН ОТА
Бүгінгі медицинаның жеткен жетістігі біршама. Жасалатын ота түрлері де, сапасы да артқан. Облыстық медициналық орталықта тері қабатын ауыстырып, сүйек өсіру оталары жасалуда.
Алматы облысында жұмыс барысында 1972 жылғы жерлесіміз жол көлік оқиғасында аяғын жарақаттап алған. Осылайша оң балтыр сүйегінің төменгі 1-3 бөлігінің ығысқан ашық сынығы диагнозы қойылады. Оқыс оқиғадан соң Алматы облысы Шонжы аудандық ауруханасына жеткізіп, бұл жерде оң балтырдың төменгі 1-3 бөлігінің ашық ығысқан сынығы, көлемді езіліп жыртылған жарасына жалпы жансыздандырумен алғашқы хирургиялық өңдеу отасы жасалған. Алайда науқастың сұранысы бойынша Алматы қалалық №7 ауруханаға ауысқан. Мұндағы дәрігерлер аяқты кесіп тастауға кеңес берген.
Науқас келіспей өңіріміздегі облыстық медициналық ауруханаға келген. Бүгінде 3 ота жасалып сәтті аяқталған. Сол аяқтан, оң аяққа тері көшірілген. 3 апта екі аяқтағы локондары өсу үшін бір біріне қабыстырып жатқан. Енді 4- ші ота сүйекті өсіру үшін жасалмақ.
Хирург Нұрман Рахыманұлы бұл отаны Қытайдағы қазақ дәрігерлерімен ғаламтор арқылы келісіп, тәжірибие алмасып жасаған.
- Біздің өңірдің медицинасының кемшіл тұсы құрал-жабдықтың аздығы мен шетелде біліктілікті арттыруға қаржы қарастырылмаған. Егер оқу курстарынан өтіп, өзге мемлекеттің дәрігерлерімен тәжірибие алмасақ бұданда ауыр жағдайдағы оталарды жасауға болады, - дейді дәрігер.