ЕКІ АДАМНЫҢ ӨМІРІ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Жаз айларында Қызылорда облысының жастары жиі Сырдария жағалауында демалады. Алайда, көбісі қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Сол себепті су айдынында төтенше жағдайлар орын алып жатады.
Өткен тәулікте таңғы сағат 04.30-да ҚР ІІМ ТЖК "ОӨАЖҚЖ" ММ кезекшісіне екі кыз бала Сырдария өзенінің арғы бетінде көмек сұрап жатқаны жөнінде дабыл соғылады.
Құтқарушылар тобы аталмыш орынға моторлы қайықпен жүзіп барды. 1985 жылы туылған Аружан Лагуналова және 1976 жылы туылған Света Махмудова белшеден суға батып тұрғанын анықтады. Қыздар құрбы жолдастарымен демалуға шыққан екен, сөздері жараспай үйлеріне қайтуға бел буып, озеннен өтпекші болады, бірақ ойындағылары шықпай, құтқарушылардың кәсіби жедел жұмыстарының арқасында екі адамның өмірі құтқарылды.
ҚР ІІМ ТЖК "ОӨАЖҚЖ" ММ