ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «STOP-ТРАФИК» ШАРАСЫ АЯСЫНДА 4 ҚЫЛМЫС АНЫҚТАЛДЫ
29 маусым – 1 шілде аралығында Қызылорда облысы аумағында «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген болатын.
Аталған шараның басты мақсаты – адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еңбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау болып табылады.
Шара барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 309-бабы, яғни Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық дерегі бойынша 4 қылмысты анықтап, барлығына қатысты қылмыстық істер қозғады, деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Мәселен, 29 маусым күні қала тұрғыны демалушы азаматтарға жеңіл жүрісті жас қыздарды тауып беріп, осы қызметі үшін олардан әр түрлі көлемде ақша алып, пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлық қылмыспен айналысып жүрген жерінен құрықталды. Аталған қылмыс дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.