ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
2014 жылдың қорытындысы бойынша облысымызда 725 кәсіпорындарының инновациялық қызметіне статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 73 шаруашылық субъектілері инновацияларға ие болды (2013 жылы – 85 кәсіпорын). Бұл туралы облыстық статистика басқармасы хабарлады.
Өнімдік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 10,1%, ал өнімдік және үдерістік инновациялар бойынша 5,5% құрады. Инновацияның барлық түрі бойынша инновация саласындағы белсенділік деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіш ірі кәсіпорындар арасында байқалып 28,7% (есеп тапсырған 87 ірі кәсіпорын арасынан 25 кәсіпорын инновациялық қызметке ие болды) құрады.
2013 жылмен салыстырғанда инновациялық өнімнің көлемі 28,3%-ға азайып, 4761,2 млн. теңгені құрады және одан 4745,4 млн. теңгенің өнімі өткізілді. Өткізілген инновациялық өнімнің ішінен 41,7 млн. теңгенің өнімі экспортқа шығарылды.
Талдау кезеңі бойынша өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі алдыңғы жылмен салыстырған 3,6%-ға артып, 6967,7 млн. теңгені (2013 жылы – 6728,8 млн.теңге) құрады. Сонымен қатар кәсіпорындардың меншікті қаражатынан өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі 5082,7 млн. теңгені құрады, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыруға кеткен шығындардың 72,9% құрайды.
Жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша өнімдік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялары бар кәсіпорындардың көпшілігі Қызылорда қаласында (82,2%), Жаңақорган (6,8%) және Шиелі (5,5%) аудандарында жұмыс істейді.