КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өз кеңесшілерінің және кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру бағытында ауқымды жұмыс жасап келеді.
Кезекті рет Қызылорда қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілеріне арналған «Кеңесшінің коммуникативтік біліктілігі» атты оқыту семинары өтті. Мақсат клиентке кәсіби түрде кеңес беру, қызметкерлердің кәсіби имиджін көтеру болды.
- Біздің басты мақсатымыз – ауыл тұрғындарына сапалы қызмет ұсыну және оларды бизнеске ынталандыру. Мен үшін бұл семинар жоғары деңгейдегі оқытулардан кем болмады. Тренингтен соң бағдарламаларды таныстырудың, клиентпен жұмыс жасаудың қыр-сырына қанықтым, - дейді Арал аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшісі Ақмарал Маханбетова.
Еске сала кетсек, Қызылорда облысының барлық ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары маусым айында жұмысын бастады. Орталықта ауылдық кәсіпкерлер мен тұрғындар тегін түрде бизнесті бастау, жүргізу сияқты сұрақтарға жауап ала алады. Бүгінге дейін 700-ден астам адам сервистік қолдауға қол жеткізді.