СОТ КАБИНЕТІНДЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Электронды талап арыз беру тәртібін түсіндіру үшін, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы Адвокаттар коллегиясында адвокаттарға семинар сабағын өткізді, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Семинарда «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы құжаттар беру тәртібі мен ҚР Ұлттық куәландыру орталығының электронды цифрлі қолтаңбасы және ЖСН мен БСН арқылы Сот кабинетінде авторландыру жасап, сот құжаттарын тапсыру мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар, семинар сабағының соңында түскен өзекті сұрақтарға толық жауап берілді.