ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚАТЕРЛІ ІСІК ПЕН ТУБЕРКУЛЕЗДЕН БОЛАТЫН ӨЛІМ-ЖІТІМ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕДІ
Қызылорда облысында қан айналым жүйесі ауруларынан, онкологиялық аурулардан, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Облыс халқының өмір сүру ұзақтығы 70,8 жасқа дейін артты. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші төмендеуде, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер шамамен 17 пайызға төмендеді. Туберкулезбен ауыру деңгейі 20%-ға азайып, одан болатын өлім-жітім де төмендеп отыр. Ал қан айналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім 10 пайызға, онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 5 пайызға төмендегені байқалады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сапар Рахменшеев.
Оның айтуынша, мұндай оң нәтижелерге «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру, сондай-ақ облыстың денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жақсарту мен мамандардың біліктілігін арттыру арқасында қол жеткізіліп отыр.