СЫР САҚШЫЛАРЫ «НАШАҚОРДЫҢ» РӨЛІН СОМДАЙ ОТЫРЫП, ЕСІРТКІНІҢ ЗАРДАБЫН КӨРСЕТТІ
Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арай - Санрайз» тынығу лагерінде балаларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырып, театрлық қойылым қойып берді, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Аталған қойылымға тынығушылармен қатар, өздері де қатысқан полиция қызметкерлері басты рөлдерді сомдап, есірткінің адам өміріне, болашағына, қоршаған ортасына әкелер үлкен зардаптарын көрсетпек болды.
Бұдан бөлек, жасөспірімдерге есірткінің адам ағзасына, болашағына, өміріне тигізер оның зияны жайлы анықтамалық мәліметтер беріліп, білместікке, аңғалдыққа бой алдырмай, әрқашан өзіндік «Менді» сақтап қалу турасында тәрбиелік мәні зор ақыл-кеңестер берілді.
Шара барысында балаларға қызметтік-іздестіру иттердің де жұмысы көрсетілді. Қатарда тұрған балалардың аяқ киімінің астына жасырылған, есірткі затының имитаторын «Арбайте» қызметтік иті іздеп тапты.