ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА 164 АДАМ СУҒА КЕТТІ
Маусым айы басталғалы Қазақстан аумағында 164 адам суға кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Жасұлан Жұмашев мәлім етті.
«Қабылданған шараларға қарамастан, еліміздегі су айдындарында биылдың басынан 228 адам қаза болса, оның ішінде 61-і бала. Ал биыл суға шомылу маусымы басталғалы (1 маусымнан) Қазақстандағы су қоймаларында 164 адам, олардың арасында 19 бала суға кеткен»,-деді Жұмашев.
Оның сөзіне қарағанда, адамдар қауіпсіздік шараларын ескермегендіктен, көбінесе өзендерде суға кетуде.
Атап айтқанда, 2015 жылдың басынан бері құтқару қызметтері суда 393 адамды ажалдан аман алып қалған, оның арасында 110-ы - балалар.
Адамдардың суда қауіпті жағдайға тап болуының негізгі себептері жүзе білмеу, өз күшін бағалай алмауы, мас күйінде суға шомылу, балаларды бақылаусыз қалдырып кету, жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау, сондай-ақ жабдықталмаған жерлерде суға түсу секілді қауіпсіздік қағидаларын өрескел бұзу салдарынан жиірек орын алуда.
Ведомство мәліметінше, қазіргі кезде су қоймалары, өзендер мен көлдердің маңында орналасқан балалардың демалыс лагерлеріндегі қауіпсіздік ерекше назарға алынып отыр. Осы орайда білім беру, денсаулық сақтау, жергілікті атқару органдарымен бірлескен кешенді шаралар іске асырылуда. Мұнымен қоса, адамдар көп жинаналатын жағажайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқару бөлімшелерінің жеке құрамдары дайындалды.