ОРАЛМАНДАР АРАСЫНДА СЕМИНАР ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТКІЗІЛДІ
Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 30 маусым күні және 1 шілде күні оралмандар арасында мемлекеттік орган қызметкерлерімен семинар және қоғамдық тыңдау өткізілді.
Шараны «Болашақ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мастеков ашты. Кездесуге жиналған қауымды семинардың мақсаты мен маңыздылығына тоқталып, оралмандар арасында жұмысқа құжаттарды қалай жинау керектігін және жұмыссыздықпен күресу жөнінде сонымен қатар азаматтық алудағы жолдарын айтып кетті. Өзекті мәселелердің бірі ретінде қазіргі оралман қандас бауырларымыздың әлі күнге азаматтық мәселесі, тұрақты мекен-жай мен тұрғын үй мәселері мемлекеттік бағдарламаларға қол жеткізу қиын екенін атап өтті.
Шара барысында оралмандар өз ой-пікірлерімен бөлісіп жатты, соның ішінде, Қармақшы ауданынан Разия Ешбаева есімді азаматша, Тереңөзек ауданынан Құндызай Букенова мен аға буын Төрәлі Жұмановтар өз ойларын айтты.