ҚЫЗЫЛОРДАДА АӨК ЖЕРГІЛІКТІ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ІСТІ БОЛМАҚ
Қызылордада ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облысы бойынша жергілікті инспекциясы басшысы мен орынбасарының пара алғандығы жөніндегі ісі сотқа жіберілді.
- Пара 300 мың теңге көлемінде болған. Бұл соманы мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз етіп тану үшін кәсіпкерден алған, - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Руслан Ягмусов. – Кәсіпкер инспекцияның аудандардың біріндегі бөлімшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі тендерді жеңіп алғысы келген.
Ягмусовтың хабарлауынша, аумақтық инспекция жетекшісіне қатысты іс сотқа жолданды. Ал оның орынбасарына қатысты іс жасаған әрекеттеріне өкіруіне байланысты қысқартылды.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 5 айында департаментпен парақорлық фактісі бойынша 24 қылмыстық іс Оның ішінде 9-пара алу, 14-пара беру, 1- парақорлыққа делдал болу айғағы бойынша тіркелді.
Шынар БЕКБАН