АРАЛДЫҚ АЗАМАТША БІР ЖЫЛ БОЙЫ ҚАЙТЫС БОЛҒАН НЕМЕРЕСІНЕ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛЫП КЕЛГЕН
Арал ауданында қайтыс болған немересін пайдаланып, бір жыл бойы жәрдемақы алып келген азаматшаның қылмысы әшкереленді. Аудандық прокуратурамен бір жасқа толмаған балаларға төленетін жәрдемақының төлену заңдылығына жүргізілген тексеру нәтижесімен қылмыстық құқық бұзушылық дерегі анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Нақтыласақ, аралдық азаматша 2010 жылдың 8 қазанында дүниеге келіп, 12.10.2010 жылы қайтыс болған немересіне бір жыл көлемінде жәрдемақыны заңсыз алып, мемлекетке 117129 теңге шығын келтірген.
- Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында азаматшаның мемлекетке келген шығынды толығымен қайтаруына байланысты оған қатысты қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 35 бабының 1 бөлігінің 12 тармағына сәйкес өндірістен тоқтатылған. Сонымен қатар, аудандық соттың 28 мамыр 2015 жылғы үкімімен азаматтық істі сотта қарау барысында немересінің 1 жылдан кейін қайтыс болды деп жалған айғақ бергені үшін ҚР ҚК-нің 420 бабының 1-бөлігімен 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды, - делінген хабарламада.
Шынар БЕКБАН