ОРАЗАДАҒЫ ОҢ БАСТАМАЛАР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы қасиетті Рамазан айының құрметіне бірнеше ауқымды игі шаралар атқарды, деп хабарлады облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.
Рамазан айына жоғары дәрежедегі дайындықпен кірген мешіт ұжымы бірінші кезекте қарапайым тұрғындардың, жамағаттың хал-ахуалын жасауды назарға алды. Олар үшін мешіттерде арнайы сусындар орналастырылып, оразаның алғашқы күнінен-ақ ауызашар беріліп, арнайы көліктер әзірленіп, қайырымдылық шаралары жасалды.
Жалпы Рамазан - қайырымдылық айы. Ораза – жақсылық, құлшылық жасайтын үлкен мүмкіндік. Рамазан айының құрметіне орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы, бас имам Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен қала тұрғындарына оразаның құрметіне арнайы сый-сияпаттар таратылды.
Өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы әрбір тұрғынға жеке көңіл аударып, Рамазан айымен құттықтап, игі тілек-дұғасын жеткізді. Өз кезегінде қала тұрғындары өкіл имамның осындай кішіпейілдікпен тұрғындармен қатынас орнатып, дұға-тілегін жеткізуіне ризашылықтарын білдірді.