ЕЛІМІЗДЕ ӨТКЕН ЖЫЛЫ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУ ЖӨНІНДЕ 334 ҰЙЫМ ЕСЕПКЕ АЛЫНДЫ
2014 жылы Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі 334 ұйым есепке алынды, оның ішінде стационарлық үлгідегі ұйымдар 221 және жартылай стационарлық үлгідегі - 57, сондай-ақ 56 уақытша болу ұйымы бар, деп хабарлайды республикалық статистика агенттігі.
Ұйымдардың барлық ғимараттары (100%) электрмен жабдықтаумен қамтамасыз етілген, кәріз - 312-інде (93,4%) және су құбыры - 304-інде (91,0%), және орталықтан жылыту - 180-інде (53,9%), сондай-ақ жеке қондырғылардан жылыту 134-інде (40,1%) бар.
Жыл соңына осы ұйымдарда тұратындар саны – 44 410 адамды құрады, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдардың стационарлық үлгідегі ұйымдарында - 29572 адам (66,6%), жартылай стационарлық үлгідегі - 10933 адам (24,6%), уақытша болу ұйымдарында - 3905 адам (8,8%). Тұратындардың (қызмет көрсетілетін) жалпы санынан жасы бойынша зейнеткерлер 12215 адам (27,5%), Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектер – 209 адам (0,5%), жалғыз басты туысы жоқтар - 7708 адам (17,3%), белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар - 2 821 адам (6,3%), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар - 113 адам (0,2%), ақылы шарттарда тұратындар - 1 028 адам (2,3%) тіркелген.
Жыл соңына тұратын (қызмет көрсетілетін) мүгедектердің саны 21801 адамды құрады, соның ішінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектер - 3733 адам (17,1%), психикасы бұзылған және мінез-құлқы бұзылған мүгедектер - 16376 адам (75,1%).