ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН БОЛҒАН АДАМ ШЫҒЫНЫ БІР ЖЫЛДА 2,5 ЕСЕГЕ КӨБЕЙДІ
Қызылордада жол көлік оқиғаларынан болған адам шығыны күрт өсіп кетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қаладағы жол қауіпсізідігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр, - деді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев. – Егер сандарды сөйлететін болсақ, үстіміздегі жылдың бес айында жол көлік оқиғасын өткен жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға өсіп отыр. Жарақат алғандардың саны 7,5 пайыз, ал қайтыс болғандардың саны 2,5 есеге өскен».
Қаңтар-мамыр айларында Қызылорда қаласы әкімдігінің хабарлауынша, облыс орталығында 80 ЖКО тіркеліп, 85 адам әр түрлі жарақаттар алып, 14 қайтыс болған.
- Шығынның орнын толтыру мүмкін емес, - деді Н.Нәлібаев. – Жуырда небәрі бір ай бұрын екі қала көшелірінің қиылысында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, үш адам қаза болды, тағы үшеуі облыстық медицина орталығына жеткізілді.
Қызылордадағы көлік жүргізу ережесін бұзған мыңдаған жүргізушілер ұсталып жатыр.
- Жыл басынан бері 5 айда 21 мың дерек тіркелген, - деп қосты қала әкімі. – Соның ішінде ең көп тіркелгені – қауіпсіздік белдігін байламау, әрі қарай жүргізушінің көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу, көлік жүргізу ережелерін бұзу, жаяу жүргіншіні өткізбеу, мас күйде көлік жүргізу, қарсы жолаққа шығып кету сияқты заңбұзушылықтар орын алуда.
Шынар БЕКБАН