ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 675 АДАМ ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ШАҚЫРТҚАН
Қызылордада күннің қатты ысуы салдарынан қан қысымымен ауруханаға түсіп жатқандар көп, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Ақерке Биятова.
Кеше таңертеңнен бері 675 адам жедел-жәрдем шақыртса, 20 адам емдеу мекемесіне жатқызылды. Ал, суда құтқарушылар «аптапты ыстықтан қорғанам» деп дарияға шомылуға барғандарды қадағалап, ескерту жасаумен әлек. Ауа температурасының күрт көтерілуі осылайша Сыр өңірі тұрғындарын әбігерге салуда. Қалалық жағажай ығы-жығы халыққа толы. Дариядан ескен самал жел ғана жұртшылықты ыстықтан құтқарады. Бірақ, суға түсетін арнайы орын біреу болғандықтан, өзеннің кез-келген жеріне барып шомылатындар көп.