ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БОЛДЫ
22-26 маусым аралығында Қызылорда облысында «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты мектеп оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен Халықаралық олимпиада болып өтті.
Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қызылорда облыстық хатшылығы мен Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сінің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің мәжіліс залында олимпиадаға қатысушы оқушылармен кездесу өткізілді.
Шет елдердегі қазақ диаспораларымен тығыз байланыс орнату, оларға елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған жұмыстар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жайлы айтып, насихаттау мақсатында болған кездесуге түрлі мемлекеттерден жиналған қазақ балалары қатысты. Сондай-ақ, шара барысында «Атажұртың аңсаған» әлеуметтік жоба оқушыларға кеңінен таныстырылды.
Кездесу соңында Ресей, Иран, Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай, Монғолия елдерінен келген оқушылар өз тарихи отаны - Қазақстан жайлы ой-пікірлерімен, алған әсерлерімен бөлісті.