ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ТАРТЫЛУЫ БАРЫСЫНДА АРНАЙЫ ПРЕСС-ТУР ӨТТІ
Кеше аймағымыздағы жастардың мемлекеттік бағдарламаларға тартылуы барысында арнайы пресс-тур ұйымдастырылды.
Пресс-тур барысында БАҚ өкілдері "Жасыл ел" еңбек жасағындағы жастардың жұмысымен, "Жас құрылысшылар" еңбек жасағындағы жастардың еңбек барысымен және "Сырдария" тынығу лагерінде тәлімгерлік қызметін атқарып жүрген "Ұлағат Ұландары" ЖҚБ-нің жұмысымен танысты.
Алдымен «Жасыл ел» еңбек жасағында еңбек етуші жастардың жұмысымен танысты. Айта кету керек, биыл "Жасыл ел" бағдарламасы арқылы биыл 1000-нан аса жастар жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде қала мен аудандарда 300-ге жуық жас аймақ тазалығы мен көркейту жұмыстарына кірісіп кетті.
Онан соң «Жас құрылысшылар» еңбек жасағы арқылы құрылыс мекемесінде еңбек етіп жатқан жастардың жұмысымен танысу үшін пресс-тур Тасбөгет кентінде жалғасты. Тасбөгет кентіндегі «Дәнекер» ЖШС мердігер болып табылатын 200 орындық аурухана құрылысына жас құрылысшылар өз үлестерін қосуда. Биылғы маусымдық кезеңде 12 мекемеге 119 жас жұмысқа жіберілді. Бұл көрсеткішті 300-ге жеткізу жоспарлануда.
Ал «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында облыс аумағында 7 жазғы тынығу лагерінде 40 тәлімгер 4 ауысым бойынша жұмыс жасайды. «Сырдария» лагерінде қазіргі таңда ұлағаттық 3 тәлімгер еңбек етуде.
Шынар БЕКБАН