«БЖК-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.
Аймақта бағдарламаның жүзеге асуы бойынша 7 180 жұмыс орны сақталып, оған қоса 3 626 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бағдарлама 2010 жылы басталып, қазіргі таңда шағын және орта бизнестің 200-ден астам кәсіпорны бағдарламаға қатысып үлгерді.
Аймақта құны 15,7 млрд. теңгені құрайтын 194 субсидиялау келісімшартына және құны 905,96 млн. теңге 36 кепілдендіру келісімшартына қол қойылды. Бағдарламаның сәтті жүзеге асуы өңірде жаңа кәсіпорындардың ашылуына және табысты мекемелердің әрі қарай дамуына жол ашты. Оған қатысушы Айкенже Мұханова мемлекеттің қолдауымен «Томирис жүрегі» атты балабақша ашып, жаңа бизнес ашумен аймақ кәсіпкерлігінің дамуына үлес қосты.
Айкенженің сөзінше, өз бизнесін ашу арқылы ол табыс көзіне кенеле отырып, облыс экономикасының өсуіне, халықтың өмір сүру деңгейінің артуына пайдасын келтіріп, бюджетке тұрақты салықтың түсімін және жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтуын қамтамасыз етіп отыр.