АУДАНДАРДА КӨШПЕЛІ ШАРАЛАР ӨТТІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының және «Жастарды қолдау орталығы» КММ-нің қолдауымен облыс бойынша жастар және жас отбасылар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында көшпелі шаралар өтті.
Осы орайда, «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық білестігінің мамандары Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Шиелі аудандарында жастармен және жас отбасылармен әлеуметтік-психологиялық, құқықтық кеңес беру бағытында жиын өткізді.
Кездесу барысында «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің Басқарма президенті Жақып Шаймұханбетұлы аудан жастарына облыс бойынша «Жастар және жас отбасыларға әлеуметтік-психологиялық, құқықтық кеңес беруді қолдау бойынша ресурстық орталықтың» жұмыс жасап жатқандығын және оның мақсаты мен бағыттарын түсіндіріп өтті. Оған қоса орталықта жастар мен жас отбасылар жоғары дәрежелі психолог маманның тегін көмегін ала алатындығы, онда сенім телефоны жұмысының ұйымдастырылғандығы хабардар етілді.
Көшпелі шара барысында жастар арасында отбасы құндылықтары кеңінен насихатталды. Аудан жастары мен жас отбасылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты., ұсыныстар жан-жақты талқыланды. Кездесу соңында барлық қатысушылар естелік суреттерге түсті.