ІІД-ДЕ «АЗАПТАУЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС» ТАҚЫРЫБЫ ҚОЗҒАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БОЛЫП ӨТТІ
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің мәжіліс залында облыстық прокуратура, ішкі істер департаменті, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің қатыстырылуымен «Азаптауларға қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш шараның басты мақсаты – азаптау мәселесіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, азаматтарға қатысты орын алатын қандайда бір азаптаулардың, ар-намысын аяққа таптайтын іс-әрекеттердің жолын кесу, қарсы күресу және іс-қимыл жасау болып табылады.
Аталған шара барысында Жастар мәселесі жөніндегі орталық төрағасы Баян Егізбаеваның, бұдан бөлек прокуратура, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, ішкі істер департаменті қызметкерлерінің баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, адамшылыққа жатпайтын қарым-қатынастың құрбаны болған жағдайда жасалатын амалдар жайлы нұсқаулар берілді.
Семинар соңында қатысушы қызметкерлер өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ой қозғап, өзара пікір алысты.