ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 1,7 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ
Қызылордада биыл облыстық көппрофилді балалар ауруханасын салуға республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қызылорда облысында бірқатар жаңа медицина нысандары салынып жатыр, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сапар Рахменшеев. – Мысалы, биылғы жылы облыстық көппрофилді балалар ауруханасының құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд 710 млн теңге қаржы бөлінді. Аурухана 200 адамға арналады. Жаңақорған ауданы орталығында да құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда 338 млн теңгеге аудандық емхана салынуда».
Ал Арал қаласында 150 кереуетке арналған орталық аудандық аурухананың құрылысына жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылыпты. Сонымен қатар, облыстық медициналық орталық күрделі жөндеуден өткізілмек.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қызылорда облысында бірден 12 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізілген еді. Оған облыстық бюджеттен 1 млрд 218 млн теңге бөлінді.