БАЛА ТУҒАНДА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ТӨЛЕМАҚЫЛАР
Болашақ аналар мен жас отбасыларға мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР заңына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:
- бала туғанда берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы;
- бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалатын және берілетін (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге) бала күтiмi жөнiндегi ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
- 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
- мүгедек баланы тәрбиелеуші анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар.
Әрқайсысына жеке тоқталайық.
Бала туғанда берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы әр балаға беріледі және елімізде бірінші, екінші, үшінші балаға - 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК); төртінші және одан кейінгі балаларға - 50 АЕК құрайды.
Бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалатын және берілетін бала күтiмi жөнiндегi ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы жұмыс істейтін әйелдерге төленеді, оның еңбекақысының көлеміне байланысты, және табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту жолымен анықталады. Ал әйел жұмыс істемеген жағдайда, жәрдемақы отбасының табысына қарамастан мемлекеттік бюджеттен төленеді. Бұл ретте бірінші балаға берілетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 5,5 АЕК, екінші балаға - 6,5 АЕК, үшінші балаға - 7,5 АЕК, төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,5 АЕК құрайды.
18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының көлемі әр балаға айына 1 АЕК құрайды. Мүгедек баланы тәрбиелеуші анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы ең төменгі еңбекақы мөлшерінде (ҚР ЕК 122-бабына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 19 966 теңге) беріледі.
Аталған жәрдемақыларды алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО қажетті құжаттар топтамасын тапсыру керек. Бала туғанда берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақыны және бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш; баланың туу куәлігінің көшірмесі, немесе туу туралы акт жазбасының көшірмесі; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, отбасының тұрғылықты мекенжайын растайтын құжаттардың көшірмелері, отбасы құрамы туралы мәліметтер қажет
БАҚ.кз