14 ОБЛЫС АРАСЫНДА ОНЛАЙН ТҮРДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері Қызылорда облыстық «Нұр Отан» партиясының филиалы ғимаратында «Электронды үкімет порталын» насихаттау барысында өткізілген дөңгелек үстелге қатысып, халықты толғандырған сұрақтары мен ұсыныс-тілектерінің уақытылы шешімін табуға бағытталған жұмыстармен таныстырды.
Онлайн түрде өткізілген бұл кездесу 14 облыс арасында болып өтті, деп хабарлайды Қызылорда қаласының №1 бөлімінің инспекторы Р.Аягөзов.
«Нұр Отан» партиясына шағымданушы халықтың тілегін кез-келген уақытта, әрі жылдам қабылдау үшін арнайы «kk.nurotan.kz» порталының жұмыс жасап жатқандығын айта келе, ендігі кезде аймақтағы кез-келген «Халыққа қызмет көорсету орталығына» барып, онлайн түрде толғандырған мәселе бойынша пікірлерін білдіре алатындықтарын атап өтті. Ол үшін төмендегі ретте жұмыс жасалатындығын ақпарат ретінде ұсынды.
- Порталда авторлану (егер порталға бірінші рет кірсеңіз, порталда тіркелу қажет болады).
- Сервис парағында «Қызметке онлайн тапсырыс жасау» пернесіне басу.
- Қажетті органды таңдау.
- Мемлекеттік органның бірінші басшысының қабылдау кестесімен танысу.
- Қабылдауға жазылу, қажетті күнді, өзінің байланыс деректерін, сондай-ақ бейне-конференция байланысты өткізу үшін қолайлы ХҚКО-ны көрсету.
- Көрсетілген уақытта ХҚКО-ға бару.
«Халыққа қызмет көрсету» орталығының ұйымдасып, ашылғаннан бастап халық өздерінің құжаттарын жөндеу қиындығынан құтылып, бір орталықтан өз жұмыстарының еш қиындықсыз біткендеріне дән риза. Орталық заманауи жаңа қызмет көрсету құралдарымен толық жабдықталған. Ұжым мүшелерінің көбі жас мамандар, олар жаңа ақпараттық технологияларды жетік меңгерген. Өз білімдері мен біліктіліктерін қатар пайдалана отырып, халық игілігі үшін жұмыс жасауды мақсат қылған орталық қызметкерлері алдағы уақытта да «Нұр Отан» партиясымен тығыз жұмыс жасауды жоспарға қойды.