ХРОНОМЕТРАЖДЫҚ ЗЕРТТЕП-ТЕКСЕРУЛЕР БАСТАЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «дөңгелек стол» кездесуі өтті. Кездесудің күн тәртібінде салық түсімін молайту мақсатында республика бойынша жарияланған «Қолма қол түсімдердің толық көрсетілуіне салықтық бақылауды күшейту шараларының» басталуын хабарлау және түсіндіру.
Бұл хронометраждық зерттеп-тексеру шаралары республиканың барлық аумақтарында 17 маусымнан басталды.
Тексеру объектілерінің негізін қоғамдық тамақтану орындары, букмекерлік кеңселер, брендті бутиктер құрайды. Негізгі назар фискальды жады бар бақылау кассалық машиналардың, POS-терминалдардың бар болуы мен нақты жұмыс жасап тұруына аударылады.
Бүгінгі күнге салық жүктемелеріне, табысы бойынша тапсырылған декларацияларына байланысты бірқатар объектілерге талдау жүргізіліп, Департамент бойынша зерттеп-тексеру кестесі түзілді.
Салық кодексінің 634 бабы хронометраждық зерттеп-тексерудің ерекшіліктерін түсіндіреді.
Хронометраждық зерттеп-тексеру, нұсқама (ұйғарым) тапсырылған күннен бастап 30 күн ішінде жүргізіледі.
- Салық органдары, қажет болғанда, салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;
- ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-тексерілетін объектілерге қатысты өзге де құжаттардың болуын тексереді;
- бақылау-касса машинасының фискалды есебі зерттеп-тексерілуге тиіс;
- салық органдарының лауазымды адамдары күнделікті хронометраждық-бақылау картасына зерттеп-тексеру барысында алынған мәліметтерді толық және нақты енгізіп отырады;
Әрбір салық салу объектісіне хронометраждық-бақылау картасы жасалады, онда салық төлеуші туралы мәліметтермен қатар, хронометраждық зерттеп-тексерудің басталу және аяқталу күні, тауарлардың және қызметтердің құны көрсетіліп отырады. Күнделікті зерттеп-тексеру нәтижесімен жиынтық кесте жасалады.
Хронометраждық зерттеп-тексеру шаралары 2015 жылдың 17 маусымынан бастап жылдың аяғына дейін жүргізіледі.
Бақыт ОРДАНОВА,
түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы