ҚОҒАМДЫ СЫЙЛАП, ҚАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЕТ
Сыр өңірінің кейбір тұрғындары мен қонақтары халықтың игілігіне салынған аялдама, жарық бағаналарын, саябақ орындықтарын сындырып-бүлдіру деректері толастамай келеді. Жуырда Қызылорда ҚІІБ Тергеу бөлімімен ҚР ҚК 293 баптың 2 бөлігімен (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Қызылорда ҚІІБ баспасөз қызметі.
Облыс орталығындағы бір отырыстан қызып шыққан қала тұрғындары түнгі сағат 03.00 шамасында Қорқыт Ата ескерткішінің қасындағы «Сырдария» өзенінің жанында орналасқан 6 жарық бағанасының 8 дана шарық шамдарын бұзақылық ниетпен сындырып және 1 дана бағананы майыстырып құлатқандары анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, келген шығынның мөлшері есептелуде.
Жыл басынан қала аумағында 12 аялдаманың әйнектерін сындыру дерегі тіркеліп, 1 аялдаманың әйнегі қатты желдің салдарынан сынса, 1 аялдаманың артқы жақ бетінің 2 дана темірлерін ұрлап кеткені анықталды.
Есепті мерзімде қала аумағында орналасқан жарық шамдар мен саябақтардағы орындықтарды сындырып кету деректерінің 3 фактысы тіркелген.
Бүгінгі таңда қаламызда жастарға жағдай жасалып, көптеген демалыс орындары ашылуда. Спорт кешендері, саябақтар мен аула клубтары және басқа да демалыс нысандары ашылып, жастарымызды отансүйгіштікке, патриоттық тәрбие мен білімге баулу мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілгенімен, кейбір жастарымыздың осындай бұзақылық іс-әрекеттері, кімді де болса бей-жай қалдырмауы керек. Қала ортақ үйіміз, сондықтан да әрбір қала тұрғыны халықтың игілігіне салынған көптеген нысандарды қадірлеп, өзіміздің мәдениеттілік пен тәрбиемізді көрсетуіміз керек.