«АРАЙ САНРАЙС» ЛАГЕРІНДЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының ұйымдастыруымен «Арай Санрайс» балалар тынығу-сауықтыру лагеріндегі балаларға «Төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында теориялық және тәжірибелік түрде профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Іс-шараға «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметі» ММ және «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік авариялық құтқару жасағы» ММ және «Суда құтқару қызметі» ММ-нен 1 негізгі, 2 көмекші автокөлік, қолданыстағы апаттан, өрттен құтқару құрал жабдықтары, алаңға қойылып, көрме ұйымдастырылды. Құрал-жабдықтарды пайдалану тәртібі, апатты аймақтан зардап шеккендерді арқанмен құтқару тәсілі, өрт сөндіру автокөлігінің өрт ошағына су беру тәсілдері таныстырылды.
Балалар іс-шара барысында барлық техникамен құрал-жабдықтардың жалпы сипаттамасымен, төтенше жағдай кезінде алғашқы іс-қимылмен, өрт кезінде қауіпсіздік шараларымен танысып, құтқарушы мамандығына деген қызығушылықтарын танытты.