МОБИЛЬДІК ХҚКО-ЛАР ЗТМО БІРЛЕСІП ІС-САПАРҒА ШЫҒУДА
Осы жылдың сәуір айынан бастап шалғай елді мекендердің тұрғындары өз елді мекендерінен еш жерге шықпай-ақ, Мобильдік «ХҚКО» Зейнетақы төлеу орталығымен бірлесіп Сырдария ауданына қарасты елді мекендерге бекітілген кестеге сәйкес, іс-сапарға шығуда.
Осы уақытқа дейін Мобильді «ХҚКО» регламенті бойынша аудан орталығынан 40 шақырымнан асқан елді мекендерге қызмет көрсетіліп келеді. Осы уақытқа дейін ай сайын елді мекенге кесте бойынша 8 ауыл округіне 2-і рет іс-сапарға шығып келсе, іс-сапар кестесінің ІІІ-ІV тоқсанында тағы бір ауыл қосылды, атап айтқанда аудан орталығынан 70 шақырымда орналасқан, халық саны шамамен 1145 тен құрайтын Інкәрдария ауылы. Алайда шалғай елді мекендерде мобильді қызметін нығайтуға, сапалы қызмет көрсетуге, халыққа тиімділігін терең түрде жеткізу үшін көптеген іс-шаралар жұмыстары жоспарлануда. Мобильдік «ХҚКО» сапар барысында ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, жарнама тарату жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінгі күнге дейін статистика саны бойынша қантар айынан бастап ауыл тұрғындарынан мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2829 құжат қабылдаған, ал ЗТМО қызметкерлері сәуір айынан бастап барлығы 88 құжат қабылдап келген. Соның ішінде, биылғы жылдың мамыр айында әлеуметтік сала мамандарынан отын сатып алуға бір жолғы көмек беру қызмет түрі бойынша 548 құжат қабылданған. Қаншама елді мекен тұрғындары аудан орталығына келмей уақытын үнемдеп, жол шығының үнемдеп келеді. Ауыл әкімдерімен келісілген іс-сапар кестесі туралы мәліметті ауыл әкімшілігінен немесе www con.gov.kz сайытынан білуге болады.
Н.ҚАСЫМБЕКОВА,
Сырдария аудандық Халыққа қызмет көрсету
орталығының инспекторы