РАМАЗАН АЙЫ САУАПТЫ ИГІ ІСПЕН БАСТАЛДЫ
Рамазан айы – Жаратушы тарапынан адамзатқа берген үлкен сыйы, бұлай дейтініміз – аталған айда жасаған жақсы істерге екі есе сауаптар беріліп, кешірім мен кеңшілік айы, тәубешілік пен сабырлылықтың және құрмет айы болуында. Әлемнің барша мұсылмандары асыға күтетін қасиетті айда сауапты істер молынан жасалады.
Осы тұрғыда «Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы да Қасиетті айдың келуі құрметіне бірқатар азаматқа «Нұр-Сәт Бауыр» ЖШС-нің демеушілік жасауымен қаржылай қолдауын көрсетті. Қор тарапынан жүзеге асатын «Даму-Көмек» бағдарламасы ең бірінші мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтініштері бойынша демеушілік көмек көрсету болып табылса, бүгінде өтініш берген алты мүгедек бастауыш кәсіпкерлерге аталған компания тігін машиналарын сыйлады.
«Нұр-Сәт Бауыр» ЖШС Қызылорда облысы бойынша 10 жылдан астам уақыттан бері өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру мен қайта пайдалану саласында сапалы қызмет көрсетіп келеді. Компания директоры Ерасыл Әбілқасымның сөзінше қасиетті Рамазан айында мекеме мұқтаж жандарға көмек көрсетуді игі дәстүр еткен. «Даму-Көмек» жобасына өтініш берген азаматтардың өмірбаяндарымен, олардың көрген қиыншылықтарымен танысқан соң, бірден алты мүгедек-кәсіпкерге кәсібін дамыту үшін тігін машиналарын алып беруге шешім қабылдаған.
Көмекке қол жеткізген жарымжан кәсіпкерлер қатарында I-топ мүгедектері Ибрашева Жанат, Тажибаева Бақыт, Уксимбаева Зәуре және II-топ мүгедектері Абсадықов Үсен, Қарабалаева Ғалия, сондай-ақ III-топ мүгедектері Абсадықова Хадиша мен Адилова Шолпан өздері өтініш берген тігін машиналарына қол жеткізді.
Тажибаева Бақыт 1988 жылдан бері I-топ мүгедегі бола тұра, қолынан іс келетінін дәлелдеп келеді. Жұбайы I-топ мүгедегі Тәжібаев Жетес екеуі өмірдің бар қиыншылығын бірге көруде және екі қыздың ата-анасы. «17 жасымда мүгедек атандым, бірақ отбасымның қолдауымен қиыншылыққа мойымай келемін. Біраз уақыт бұрын тігінмен де айналыстым, алайда жаңа тігін машинасын алуға қаражат болмай және соған байланысты тапсырыстың да азаюйына қарай бұл істі уақытша тоқтаттым. Қызымның да қолынан іс келетінін білемін. Сондықтан «Даму-Көмек бағдарламасы туралы естіген бойда, өтініш бердім. Даму Қорының тігін машинасын сыйлағанына үлкен алғысымды білдіремін және отбасымның жаңа қаунышты күндері басталады деп сенемін»,-дейді Бақыт Тажибаева өз қуанышымен бөлісіп.
Көмекке ие болған тағы бір I-топ мүгедегі Зәуре Уксимбаева. Бала кезден қол арбаға таңылған Зәуре ай сайынғы 30мың теңге зейнетақыны жалғыз күнкөріс көзі етіп отыр. Алайда жоспарында тігінмен айналысып, бірқатар тапсырыстарды орындауға қауқары жететінін сезген Зәуре «Даму-Көмек» жобасына өтініш берді. Өз сөзінде: «қол арбаға таңылдым деп отырғым келмейді, шығармашылықпен де аздап айналысамын. Қызылорда қаласындағы Гуманитарлық және заң колледжіне ақылы негізде оқуға түстім, бір жылдық оқу ақымды демеушілер төлеп берді. Ендігі жерде өз күшіммен кәсіп бастасам және бар мүмкіншілігімді пайдалан отырып, қажетіме жаратар қаражат тапсам деген арманым бар. «Даму» қоры менің өтінішіме назар салып, соңғы үлгідегі тігін машинасын сыйлады. Менің кішкене жүрегімді қуантқан сыйлықтарыңызға алғысым шексіз. Істеріңіз жемісті бола берсін»,- деді Зәуре Уксимбаева.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Нұр-Сәт Бауыр» ЖШС және оның басшысы Әбілқасым Ерасыл Есенұлына көрсеткен көмегі мен табыс еткен сыйларына үлкен алғыс білдіре отырып, істеріңіз оңынан, табыстарыңыз молынан болсын деген тілек білдірді.
Көмекке ие болған барлық мүгедек-кәсіпкерлерге «Даму» Қоры «Жұлдыздарға қара» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге берілетін 300 мың теңге көлемінде қайтарымсыз гранттық конкурсқа қатысуға шақырды.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Нұр-Сәт Бауыр» ЖШС және оның басшысы Әбілқасым Ерасыл Есенұлына көрсеткен көмегі мен табыс еткен сыйларына үлкен алғыс білдіре отырып, істеріңіз оңынан, табыстарыңыз молынан болсын деген тілек білдіреді.