ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ТРЕНИНГ ӨТТІ
Іс-шараға арнайы Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының Президенті Сарсембаева Раушан Біргебайқызы, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» Ақ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиал директоры Жансұлтан Матаев, психолог-тренер Раушан Базарбай және бизнесті қолға алған әйел-кәсіпкерлер қатысты. Тренинг барысында семинарға қатысушы белсенді әйел кәсіпкерлер мен қонақтардың таңдауымен облыстық қауымдастықтың төрайымын сайлады.
Бір қолмен бесікті, бір қолмен әлемді тербеткен ерекше жаратылыс иесі - әйел қауымы қашанда қоғамда өзінің маңыздылығымен көрінген. Кез-келген ару өмірдегі өз орнын таңдау мен бақыт кілтіне жетуге талыпынады. Тек осы бағытта біреулері аянбай еңбектенсе, екіншісі дұрыс қадам арқылы маңызды шешімдер қабылдайды. Қазіргі нарық заманында әйелдердің басына отбасының ғана емес, қоғамның да ауыртпалығын көтеруге тура келетін жағдайдар бар. Осыған қарамастан бүгінде жетістікке жетіп, карьералық өсім жасаған табысты әйел тұлғалар көп азаматқа үлгі болып отыр.
Еліміздегі шағын бизнестің негізгі қозғаушы күші – әйел кәсіпкерлер екені белгілі. Бүгінде Қазақстанның осы саладағы әрбір екінші кәсіпкері – әйелдер. Соңғы онжылдықтағы нәзік жандылардың кәсіпкерлікке ден қоюын «ақырын» төңкеріс десе де болады. Қазақстандықтар уақыт өте өзіне жұмысшы жалдау мен бизнес ашу бағытында таңдауға мүмкіндіктері бар. Көп жағдайда әйелдер екіншісін таңдайды.
Қазақстанда басқа ТМД елдерімен салыстырғанда бизнесті қолдауға қолайлы жағдайлар жасалған: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы, КазАгро бағыттары, оның ішінде әйел кәсіпкерлігіне арналған бағдарламаларды да атауға болады.
Қазіргі таңда 570-тен астам қызылордалық кәсіпкерлер бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы ретінде қолдауларға ие болып отыр.
Тренингтің негізгі мақсаты – әйелдерді кәсіпкерлікке тарту мен мемлекеттік қолдау түрлерімен таныстыру болып табылады. Осы бағытта Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының заңгер-кеңесшісі Жомартов Бағдат шағын және орта бизнеске қолдау көрсететін барлық бағдарламалармен таныстырылым жасап, әйел кәсіпкерлігіне арналған микронесиелендіру бағдарламасының басым бағыттарын айқындап берді.
Мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігінің дәлелі ретінде аталған көмек аясында кәсібін дөңгелетіп отырған табысты әйел-кәсіпкерлер қатысушылармен өздерінің бизнеске жасаған алғашқы қадамдары мен табыстылық тарихымен бөлісті. «Алма-Дент» ЖШС-нің директоры Дүйсенкүл Тәжікова тренинг барысында өзінің бастапқы қаражатымен стоматологиялық кабинетін ашып, осыдан соң «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысушы ретінде жеңілдетілген несиемен облыс орталығынан қызмет көрсету орталығын кеңейтіп қана қоймай, Шиелі ауданында тұрғындарға тіс емдеу бөлімшесін де ашты және қазіргі таңда бірнеше облыс пен аудан тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, әйел қауымын отбасы мен жақындарының қолдауымен бизнеспен айналысуға қорықпай қадам басуға шақырды.
Іс-шараға қатысушы Жиенбаева Бекзат тренингтің жоғары деңгейде өткенін жеткізе келе: «бүгінгі семинарда маңызды ақпараттарды алумен қатар, табысты әйел кәсіпкерлердің мысалымен кәсіп ашу жолдарын үйрендік. Табысқа жету жолда психолиялық мотивацияның алатын орны жоғары екенін білдім және алдағы уақытта өз жобамды жүзеге асыруыма мемлекеттік қолдауларды пайдалануды жоспарлап отырмын»,-деді бастауыш кәсіпкер.