УНИВЕРСИТЕТТЕ «НАЗАРБАЕВТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ОҚУ-ТӘРБИЕ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлттық жоспарын, еліміздің «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында университетте «Назарбаевтану» ғылыми-оқу орталығы және «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығы ашылды.
«Назарбаевтану» ғылыми-оқу орталығы университетте 2014 жылы құрылған «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасына қарасты «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залы жанынан қоғамдық негізде ашылды.
Орталықтың басты мақсаты – Елбасының ел тәуелсіздігін баянды етудегі, халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттырудағы ерен еңбегін насихаттау. «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығының мақсаты – ұлттық сана-сезімі, азаматтық, отансүйгіштік қасиеттері жоғары, ұлт мәдениетін дамыту мен сақтаудағы жауапкершілікті сезіне білетін, тарихи ой-өресі жетілген, өзге мәдениет өкілдерімен жүйелі сұхбат құра алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады.
«Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығы «Педагогика және психология» кафедрасы жанынан қоғамдық негізде құрылды.