УНИВЕРСИТЕТ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ, ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҚОРҒАУДА
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға байланысты белгілеп берген «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлттық жоспарында орта мектептердің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында білім беруді ағылшын тілінде жүзеге асыру жөнінде нақты міндеттер қойылды.
Еліміздің жастары үш тілді қатар меңгеруіне қол жеткізу міндеті Елбасының 2012 жылы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында да атап көрсетілген болатын. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Елбасының тапсырмасына сәйкес нарықтың өзгермелі жағ¬дайына бейімделген, бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті мамандар даярлау бағытында 2012-2013 оқу жылынан бастап бакалавриаттың бірнеше мамандықтары бойынша оқу үдерісін көптілді білім беру жүйесі бойынша жүзеге асырып келеді.
Бүгінгі күні есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, математика, информатика, биология, химия, құрылыс, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының студенттері оқу пәндерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде меңгеруде.
2013-2014 оқу жылынан бастап шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша 1-ші курсқа қабылданған студенттерден екінші шетел тілі ретінде корей, қытай, араб тілдерін оқыту мақсатында ағылшын-кәріс, ағылшын-қытай, ағылшын-араб тілдері бойынша оқу топтары жасақталған. Сонымен бірге, студенттердің таңдауы бойынша мұнай-газ ісі және технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандықтарының 3 курстарына қосымша қытай тілі оқытылуда. Қазіргі таңда бірнеше тілді қатар меңгерген университет білім алушыларының жетістіктері де аз емес. Университет студенттері мен магистранттары халықаралық, республикалық ғылыми конкурстар мен конференцияларда мақалалары мен ғылыми еңбектерін ағылшын тілінде жариялап қана қоймай, дипломдық жұмыстары мен магистрлік диссертацияларын да ағылшын тілінде қорғауда. Атап айтсақ, 6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының магистранты А.Н.Байқадам «Өңірдің инвестициялық инновациялық қызметін мемлекеттік реттеу (Қызылорда облысының материалдары негізінде)» тақырыбындағы магистрлік диссертациясын, 6М070400 – Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығының магистранты С.Ильясова «Көру және есту қабілеті нашар азаматтарға арналған бейінді және интеллектуалды мобильдік оқыту жүйесін құру» тақырыбындағы магистрлік диссертациясын, осы мамандықтың студенті М.Ашимова «Java ортасында студенттерге арналған мобильді жүйе құру» тақырыбындағы дипломдық жұмысын ағылшын тілінде дайындап, табысты қорғады. Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрайымы, Н.Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы С.М.Егембердиева, есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығының мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрайымы, Мәскеу мемлекеттік машина жасау университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Е.А.Черткова аталған магистранттар мен студентке жоғары баға беріп, ғылыми жұмыстарын одан әрі жалғастыруға кеңес білдірді.