МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА РУХАНИ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ СЕМИНАР ӨТТІ
«Өңір тұрғындарының діни сауатын арттыру, конфессияаралық татулықты нығайту және мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру» мақсатында №101 мектептің акт залында «Мектепте оқушыларға рухани –адамгершілік тәрбие берудегі «Дінтану негіздері» пәнінің ролі» тақырыбында оқыту семинары болып өтті.
Діндер мазмұнындағы сан ғасырлық рухани құндылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру, дәстүрлі діндердің ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін жастарға беру өзекті мәселеге айналды. Дінтану пәнін оқыту ең алдымен еліміздегі дінаралық келісім мен ұлтаралық татулыққа, еліміздің гүлденуі жолына қызмет етуі керек.
Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов кіріспе сөзінде «Дінтану негіздері» пәнін оқытудың маңыздылығына тоқталды. Шара қорытындысында қатысушылар тарапынан жан-жақты сұрақтар қойылып, жауап алынды. Біршама ойлар айтылып, пікірлер ортаға тасталды.