БҒМ БІРЫҢҒАЙ МЕКТЕП ФОРМАСЫН КИЮ МІНДЕТТІ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ
Қазақстанның орта мектептерінде оқушылардың бірыңғай формасы міндетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына жауап берген ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады.
«Министрлік республиканың білім беру ұйымдарында мектеп формасын міндетті түрде енгізу мақсатты деп санайды және мектеп жарғыларына бірыңғай мектеп формасын енгізу туралы тармақ енгізілген», - делінген жауапта.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда оқушылардың бірыңғай мектеп формасын киюі еліміздің «Білім беру туралы» Заңында да бекітілген. Бұған қоса, министрліктің бірнеше жыл қатарынан жүргізген сауалнамасы ата-аналардың 80 пайызы мектеп формасының бірыңғай стандартына қарсы емес екендігін көрсеткен. Ал ата-аналардың 10 пайызы бірыңғай формаға наразылық танытса, тағы 10 пайыз қалыс қалған.
Министрліктің «ҚазАқпаратқа» хабарлауынша, әрбір мектеп оқушысы киім үлгісін дербес әзірлейді. Мата санитарлық ережелер мен нормаларға сай болуы тиіс.
Бұған дейін хабарланғандай, мектеп формасын киетін оқушылардың саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2012-2013 оқу жылында 4,5 мың мектептің 1,6 млн. оқушысы (республика оқушыларының 72 пайызы), ал 2013-2014 оқу жылында 5,4 мың мектептің 1,8 млн. оқушысы бірыңғай форма киді. Мектеп формасы үлгісіне және жиынтығына қарай 4,5-13,5 мың теңге аралығында.