БАС ИМАМ «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫЗЫЛОРДА» ТЕЛЕАРНАСЫ АРҚЫЛЫ СҰХБАТ БЕРДІ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы сұхбат беріп, көрермендермен тілдесті, деп хабарлайды облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.
Сұхбат Қасиетті Рамазан айы турасында өрбіді. Қасиетті айдағы құлшылықтар, ораза ұстаудың негізгі шарттары және ораза ұстаушыларға кеңестер айтылды.
Сонымен қатар, өкіл имам Т.Омаров өз сұхбатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына арнаған құттықтауы мен Үндеуін тұрғындарға жеткізді. Сондай-ақ, Рамазан айындағы көп туындайтын сұрақтарға жауап беріп, тарауих намазының сауабы жайлы да тарқатып айтты. Рамазан айы бағытында өрбіген сұхбат барысында осы айда атқарылатын біршама игі шаралар, мешіт дайындықтары да сөз болды.
Айта кету керек, жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы күнделікті 30 күнде 30 бағдарлама ұранымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Т.Омаровтың және қала, аудан имамдарының қатысуымен бір ай көлемінде бағдарламалар көрермендерге көрсетілетін болады.