ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы мекеменің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Өткізілген іс-шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Садуақас Аңсат қатысты. Іс- шара барысында тілді дамыту және міндеттеу шараларының 2014-2016 жылдарға арналған облыстық жоспары талқыланды. Садуақас Аңсат мемлекеттік тіл тарихын айтып берді, соңғы бес жылдағы статистикалық есебін келтірді, тілдің дамуын көрсете отырып, тілдің жоғалып бара жатқандығын атап өтті.
Мекеменің мемлекеттік тілді дамыту және ақпараттандыру тобының инспекторы Г.Ермағамбетова өз кезегінде ойыңды шұбарламай, сауатты, салмақты түрде жеткізе білу, мекеме қызметкерлерінің мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгергендігін және барлық құжаттар 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізілетіндігін атап өтті.
Сонымен қатар, Садуақас Аңсат Республикалық ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси басылымның жарық көргенін, облыстан «Тіл сақшысы» деп аталатын газеттің шығып жатқанын және өзі газеттің бас редакторы болғандықтан газетпен таныстырып, қызметкерлерді осы газеттің оқырмандары болуға шақырды.