БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА 24 БАЛА ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ БҮЙРЕК АУЫСТЫРУ ОПЕРАЦИЯСЫН КҮТІП ОТЫР
Қазіргі кезде Қазақстанда 24 бала шұғыл түрде бүйрек ауыстыру операциясын күтіп отыр. Бұл туралы Ақордада Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесу алдында «Ана мен бала» ҰҒО Бүйрек орталығының жетекшісі Шолпан Алтынова мәлім етті.
«Жалпы Қазақстанда алғаш рет баланың бүйрегі 1997 жылы А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығында алмастырылған болатын. Содан кейін бүйрек алмастыру операциялары жасалып тұрды. Жыл сайын созылмалы бүйрек жетіспеушілігі науқасына шалдыққан жеткіншектердің саны көбейіп кетті. Олар шетелге барғанымен тиісті нәтиже болмады. Осы мәселелердің барлығын ескеріп, біз бір топ маманды медицинасы озық дамыған елдерге оқытуға жіберіп, біліктілігін шыңдадық. Осы орайда 2012 жылы Ана мен бала орталығында үш жасар балаға бүйрек алмастырдық. Осы бағытта салмағы 10 келі баладан бастадық. Содан бері 24 баланың бүйрегін ауыстырдық. Бұл тұрғыда оң нәтиже бар және қазіргі кезде осы балалар мектепте, жоғары оқу орындарында білім алуда»,-деді Ш. Алтынова.
Осы орайда ол 2014 жылы балалар трансплантациясын дамыту мақсатында бауыр ауыстыру операциялары басталғанын еске салып өтті. Бүгінгі уақытқа дейін екі баланың бауыры ауыстырылған екен.
«Қазір Қазақстанда 3 мыңға жуық науқас бүйрек ауыстыру операциясын күтіп отыр. Соның ішінде 37 бала бар және оның 24-і бүгінде шұғыл түрде бүйрек ауыстыру операциясы тізімінде тұр. Алайда донор тапшылығы барша әлемде проблема. Ересектерге қарағанда балалардың ерекшелігіне тоқталсақ, оларға ата-аналары донор бола алады. 24 баланың 21-іне ата-аналары донор болса, ал үш балаға мәйіттен бүйрек алмастырылады»,-деді Бүйрек орталығының жетекшісі.