СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасы Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасымен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау» атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері – Берікбол Байқожаев пен Қанат Рахметов қатысып, баяндама оқыды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар департаментінің кадр жұмысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Сермағамбетова «Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметті жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» баяндама оқыды. Іс-шараға жергілікті басылымдар тілшілері мен «Қоғам ТВ» арнасының өкілдері қатысып, көпшілікке сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы насихатталды.