ҚЫЗЫЛОРДАДА «ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының ІІД-де ішкі істер органдары қызметкерлері арасында «Парасатты полицей» атты облыстық байқау өтті. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Байқауға аудандық ішкі істер бөлімі мен қалалық ішкі істер басқармасының командалары қатысты. Қызықты әрі тартысты өткен байқауда 8 команда ішінен Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының «Айбын» командасы бас жүлдеге ие болып, дипломмен және 100 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Байқау қорытындысымен бірінші орынға Қармақшы АІІБ-нің «Қорқыт қырандары» командасы ие болса, екінші орынды Сырдария АІІБ-нің «Алға» командасы жеңіп алды. Ал үшінші орын иегері Жаңақорған АІІБ-нің «Жаңақорған қорғандары» командасы атанды. Жеңімпаз командалардың барлығы ақшалай сыйлыққа ие болды.
Байқауға төрелік еткен облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов, Қызылорда ҚІІБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Алмағамбетов және т.б. қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысқан өнерлі сақшыларға ризалықтарын білдіріп, өнерлерін шыңдай түсуге, әр бөлімде өнерпаздар тобын құруға ұсыныс жасады.
Үздік деп танылған қызметкерлер үстіміздегі жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде өтетін республикалық байқауға қатысатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі