ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 15 маусымында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Аталмыш отырысқа департаменттің Ардагерлер кеңесінің және осы Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев, «Нұр Отан» партиясының консультанты Мереке Досымжанова, «Қоғам ТД» телеарнасының тілшісі Ақтоты Шерниязова, Қызылорда кәсіпкерлік ассоциациясының атқарушы директоры Клара Жанғабылова, «Сыр дидары» газетінің тілшісі Жазира Демеуова, ТЖД Кадр жұмысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы өртке қарсы қызмет капитаны Ақмарал Сермағамбетова, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Оразбек Жұмабеков, «Оңтүстік өңірлік аэромобилдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі бастығының жедел жұмыстар бойынша орынбасары Самғат Бүркітбаев қатысты.
Кеңес отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев алғы сөзбен ашты. Одан соң Кадр жұмысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы өртке қарсы қызмет капитаны Ақмарал Сермағамбетова департаменттегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы баяндама оқыды. Баяндамада: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Департаментте іс-шаралар өткізу жалғасын табуда. Департаменттің және оған бағынысты мекемелердің жеке құрамына тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтықтың алдын алу бойынша заңдылықтарды оқыту, төтенше жағдайлар саласының ардагерлері, прокуратура, салық органы, Мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясының, кәсіпкерлер және қоғамдық институт өкілдерінің қатыстырылуымен «дөңгелек үстелдер» ұдайы ұйымдастырылуда. Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қабылдау «бір терезе» қағидасы арқылы жүзеге асырылып келеді. Департамент басшылығы «тәуекел тобына» жатқызылған тұлғаларға жеке әңгімелесу жүргізуде. «Тәуекел тобына» 69 қызметкер жатқызылды, оның ішінде 23 басшылық лауазымда...» ,-деді.
Сонымен бірге «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Оразбек Жұмабеков, «Оңтүстік өңірлік аэромомбилдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі бастығының жедел жұмыстар бойынша орынбасары Самғат Бүркітбаевтарға да сөз кезегі беріліп, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде жұмыстарға тоқталды.
Мұнан соң Қызылорда кәсіпкерлік ассоциациясының атқарушы директоры Клара Жанғабылова баяндамашыларға сұрақтар қойып, алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жұмысты жалғастыру туралы өз пікірін білдірді.
Қоғамдық кеңес отырысына жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасының өкілдері шақырылып, ТЖД жанында Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев сұхбат берді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы