ДАМЫҒАН ЗАМАН, ЗАМАНАУИ ҚЫЗМЕТ
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қызылорда қаласының №1 бөлімінде 73 жастағы Назира әже «өзіне-өзі қызмет көрсету» секторына келіп, ЭЦҚ арқылы анықтамалар алды.
Сисен Назира 1942 жылы 1 маусымда дүниеге келген. 1959 жылдан еңбекке араласқан. Күріш егудің майталманы болған. 1966 жылы ССРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған. Есімі Қазақстанның Алтын кітабына жазылған. ВДНХ-ның күміс, қола медальдарымен, «Құрмет белгісі» орденімен наградталған. Бүгінгі таңда 8 баланың асыл анасы, 17 немеренің ардақты әжесі атанып отыр.
Назира әже қазіргі таңда дамыған технологиямен жұмыс жасап, халыққа пайдасын тигізіп жатқан орталық ұжымына сәттілік, жұмыстарына табыс тілеп, батасын берді. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай пайдалану керектігін үйреніп, өз замандастарына пайдалануға кеңес беретінін жеткізді.