ҮГІТ-НАСИХАТТЫҚ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Облыстағы су айдындарында азаматтардың өлімі мен қайғылы жағдайларды болдырмау аясында Суда құтқару қызметі құтқарушы-сүңгуірлері, «Хабар» агенттігі тілшілерімен және Төтенше жағдайлар департаменті мамандары бірігіп, Қызылорда қаласы аумағындағы су айдындарында үгіт-насихаттық рейд ұйымдастырды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Үгіт-насихаттық рейдтің мақсаты – облыстағы су айдындарында азаматтардың жарақаты мен қаза болуын болдырмау болды. Аталмыш іс-шараға Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы Ә.Марданов, сүңгуір А.Балманов, ТЖД бас маманы А.Нұрманова және «Хабар» телеарнасының тілшісі Қ.Бекенов қатысты.
Сырдария жағасында демалып жатқан 200-ге тарта адамға үгіт-насихат парақтары таратылды. Дауыс зорайтқыш аппараты арқылы қала тұрғындары судағы қауіпсіздікті сақтау туралы хабарландырылды.