АЛАЯҚТАР АДАМНЫҢ СЕНІМІН ПАЙДАЛАНДЫ
Ауырдың үстімен жеңілдің астымен жүріп ақша табамын дейтін алаяқтар саны азаймай отыр. Қайта керісінше, бұл санаттағы қылмыстардың саны өсім алып толастамауы, жергілікті билік орындары мен құқық қорғау органдарын алаңдатуда.
Жуырда Қызылорда ҚІІБ тергеу бөлімімен бір алаяқтық қылмыстық іс сотқа жолданды. Сезікті азаматшаның үстінен ҚР ҚК 190 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қызылорда ҚІІБ баспасөз қызметі хабарлады.
Осы қылмыстың қалай туындағанына назар аударып көрейік. Қызылорда қаласының тұрғыны 1981 ж.т. азаматша 2015 жылдың ақпана айында, қала орталығындағы жалға алып отырған 3 бөлмелі пәтерін, қала тұрғыны азамат Ж.Е нің сеніміне кіріп, апамның пәтері еді ол кісі Алматы қаласында жаман аурумен ауруханада жатыр, ота жасауға тез арада ақша керек болып тұр. Пәтердің құжаттарын бір ай көлемінде рәсімдеп беремін деп алдап сеніміне кіріп, 1 млн 200 мың теңгеге келісіп ақшаны қолма қол алып ізін суытып кетеді.
«Ол неғылған батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» - дегендей бір айдан соң пәтердің заңды егесі келіп, азаматша О.А. бұл пәтерді 3 айға жалға алып отырғанын айтады. Осылайша оңай олжаға тап болдым деген азамат Ж.Е қомақты қаржыға шығын болады.
2015 жылдың 5 айында Қызылорда қаласы бойынша 492 алаяқтық қылмыстары тіркеліпті, ал 2014 жылдың 5 айында бұл санаттағы қылмыстар саны 452 болған екен, яғни алаяқтық қылмыстары 8,8 пайызға өсім алды деген сөз.
Осы тұрғыда азаматтардың назарына бірнеше қағиданы ескерткіміз келеді. Қандай да бір мүліктік немесе ақшалай келісімге келіп тірлік жасаймын деген кезде, ол тірліктеріңіз заңнын шеңберінде болса екен дейміз, оңай олжаның соңы қып-қызыл шығынға батырмасын.