ЭЛЕКТРОШОК ҚАРУЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ҰСТАП ЖҮРУ ТӘРТІБІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Интернет желісінің жарнамасын талдау Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының, оның ішінде резидент еместердің де пішіні фонарларға, өртегіштерге, ұялы телефондарға және т.б. заттарға ұқсайтын электршок қаруды еркін сатуы бөлігінде «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғандықтарын көрсетіп отыр.
Заңға сәйкес, электршок қаруы азаматтық және қызметтік қару санатына жатады және тек қана ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркей отырып, қару сататын мамандандырылған дүкендер арқылы сатылуы және сатып алынуы тиіс.
Азаматтық және қызметтік қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және әкету экспорттауға, импорттауға берілген лицензияның, сондай-ақ қорытындының негізінде жүзеге асырылады. Қорытынды берілгені үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 482-бабы бірінші бөлігінде Ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды, оқ-дәрiлердi заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қаруды тәркілей отырып айлық есептiк көрсеткiштiң 20-дан 40-қа дейiнгi мөлшерiнде әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады.
Азаматтық қаруларды өз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Айтылғандарға байланысты, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жеке және заңды тұлғаларға Заң талаптарының сақталуы туралы, электршок қаруын заңсыз сатып алу, сақтау, алып жүру, өткізу, жөнелту фактілері туралы «102» телефонына хабарлауын өтінеді.
Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша аумақтық ішкі істер органдарына жүгінулеріңізді сұраймыз.