СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА ҚЫЗЫЛОРДАДА 48 ЖАҢА АВТОБУС АЯЛДАМАСЫН БҰЗАҚЫЛАР БҮЛДІРІП ҮЛГЕРГЕН
Қала бойынша жол көлік оқиғалары және қоғамдық тәртіп бұзушылық салдарынан мемлекеттің мүлкіне шығын келтіру фактілері жиі орын алуда.
«Қызылордада соңғы үш жылда 48 жаңа автобус аялдамасын бұзақылар бүлдіріп үлгерген. Одан бөлек, 35 рет бұзақылар көшедегі жарық бағаналарын сындырған, - деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев. – Тіпті демалыс сквері және оқушылар аллеясында орналасқан заттарды сындырып кету (түнгі жарық шамдары, шағын мүсіндер мен орындықтар т.б. сындырылған) жиілеп отыр.
Бүгінгі күнге, аталған фактілер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 24 млн. теңгені құрап отыр.
«Бүгінде, Қызылорда қаласын абаттандыру, көркейту – көгалдандыру мақсатында қарқынды жұмыстар жүзеге асырылуда, - деп қосты Н.Нәлібаев. - Бұл мақсатта, бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары жөнделіп, қала көшелері қайта жаңғыртудан өткізіліп және қала сәулетін арттыру үшін түрлі нақыштағы кіші архитектуралық нысандар орналастырылуда. Өткен жылы қалада 64 жаңа автобус аялдамасы орналастырылса, 31 көше қайта жарықтандырылды. Ал 2013 жылы қала бойынша 465 млн. 300 мың теңгеге 31 дана евростандарттарға сай, энергия үнемдейтін жаңа үлгідегі бағдаршамдар, жол белгілері орнатылып, жол сызықтары жүргізілді».
Шынар БЕКБАН